
Ақсу қаласының әкімі Н.Ш Дүйсенбинов күннің екінші жартысында, кестеге сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округтің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың қорытындылары және алдағы кезеңге даму перспективалары қаралды.
Азаматтарды толғандырған сұрақтар Құркөл ауылында балалар ойын алаңын орнату, көшені жарықтандыру, ауылдардың кіреберіс жолдарын жөндеуге қатысты болды.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірге азаматтарды «Жолдағы қабылдау» форматында қабылдады.