
Халықпен тұрақты кездесулер жалғасуда. Бүгін Ақсу қаласының әкімі Н.Ш Дүйсенбинов Евгеньевка ауылдық округінде болды.
2022 жылдың 7 айының қорытындыларын талқылап, өзекті мәселелерді қарастырып, ағымдағы жылдың соңына дейінгі даму перспективаларын айқындадық.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындары кіреберіс және кентішілік жолдарды жөндеу, тұрғын үй беру, жайылымдарға жер телімдерін беру, аумақтарды абаттандыру мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар басшыларымен бірге «Жолдағы қабылдау» форматында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.