
Президент Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Ақсу өңірінің тұрғындарымен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулер басталды.
Алғашқы кездесу Қалқаман ауылдық округінде өтті. Тұрғындармен кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М. Н. Иғалиев қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарын 7 айда атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге арналған даму перспективалары туралы хабардар етілді.
Тұрғындар Степная көшесіндегі үш қабатты үйдің жылу қазандығына қосылу, жұмысқа орналасу, Степная, 4 көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйдің кәріз жүйесін жөндеу, Ақжол ауылындағы футбол алаңын жөндеу мәселелерін көтерді.
Кездесуден кейін мемлекеттік органдар басшыларымен бірге азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауын жүргізді.