Депутаттардың Ақсу қаласына жұмыс сапары

Депутаттардың Ақсу қаласына жұмыс сапары

Ақсу қаласына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д. Н. Тұрғанов, сондай-ақ Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Р. Ж. Даумова келді.

Сапар барысында депутаттар «ERG Service» еңбек ұжымымен кездесті.

Депутаттар қалалық жылу қазандығына барып, жұмыс кеңесіне қатысты. «Теплосервис-Ақсу» КМК жылу учаскесінің бастығы Дүйсенбай Дүйсенов құрылыс-жөндеу және іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Содан кейін халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылар үшін салынып жатқан Х. Доспанова көшесі, 34 мекен-жайындағы КПТҮ құрылыс алаңына барды. Пәтерлердің жалпы саны - 144, оның ішінде 3 бөлмелі-36, 2 бөлмелі - 36, 1 бөлмелі-72.

Сондай-ақ депутаттар «Ақсу қаласының жылыжай кешені» ЖШС-де болды. Кешен 2017 жылы іске қосылды, 1,7 га алаңда орналасқан. Кәсіпорын қала мен облысты жаңа өнімдермен қамтамасыз ету үшін көкөніс өсірумен айналысады.