
Ақсу қаласының әкімі Қарабай ауылында жұмыс сапарымен "Қазазияинвест"ЖШС көпфункционалды жол бойындағы кешені салынып жатқан құрылыс алаңына барды. Жергілікті тұрғындармен кездесті. Бүгінгі таңда Алғабас ауылдық округінің Қарабай ауылында жолдарды асфальттау, балалар алаңдарын орнату, жайылымдық жерлер беру және т. б. мәселелер өзекті болып табылады.