
21 наурызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстікте, облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында 25 м/с.
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Ауа райының өзгеруіне байланысты қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, алыс жолға шығу жоспарларыңызды кейінге шегеруді сұраймыз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз.