
Күннің екінші жартысында қала әкімі Нұрлан Дүйсенбинов (@nurlan_dyussimbinov) Дөнентаев, 44, 46 (барлығы 162 Пәтер), Хиуаз Доспанова, 34 (144 пәтер), Строителей, 49 (80 пәтер) мекен-жайлары бойынша орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарына барды. Мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, жұмыс қарқынымен танысты. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде пайдалануға беруді тапсырып, сұрақтарды жеке бақылауына алдым.