Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Ақсу қаласының әкімі қатысты

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Ақсу қаласының әкімі қатысты

Бүгін дәстүрлі апта сайын өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов (@nurlan_dyussimbinov) қатысты. Жәрмеңкелік қатарлар «Ауыл» коммуналдық базарында орналастырылды. Оған жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, кәсіпкерлер, сондай-ақ ауылдық округтер қатысты.

Шаһар басшысы сауда қатарларын қарап шығып, ұсынылатын өнімдердің ассортиментімен және тауарлардың бағасымен танысып шықты.

Сөрелерде - ет, сүт және ет өнімдері, көкөністер, жұмыртқа, май, ірімшіктер, шұжықтар және т. б. ұсынылды. Алайда, көлемі жеткіліксіз болып шықты. Осыған байланысты әкім Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм, Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жәрмеңкенің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, «Сауықсервис-Ақсу» МКҚК базарының аумағын мұздан тазалау бойынша ескерту жасады.

Баға белгілеу және халықты азық-түлікпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер қала әкімінің күнделікті жеке бақылауында.