Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ақсу қаласының шеткі аймақтарындағы тұрғын үйлерді аралау шараларын өткізді

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ақсу қаласының шеткі аймақтарындағы тұрғын үйлерді аралау шараларын өткізді

Ағымдағы жылдың 12 наурыз күні көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы аясында № 10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ақсу қаласының шеткі аймақтарындағы тұрғын үйлерді аралау шараларын өткізді.

Негізгі мақсат - көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізу және тұрғындардың дайындығын бақылау. Шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.