
Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің сұрауы бойынша және жұмыс берушінің 2022 жылға арналған жұмыс орнында, оқу ұйымдарында жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауды жүргізеді.
Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты бір айдан алты айға дейін созылады және ай сайын шәкіртақы төленеді.
Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға өтінім берген жұмыс беруші қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған қатысушыны оның өтінімі бойынша кемінде 12 ай мерзімге жұмысқа қабылдайды.
Жұмыс берушінің жұмыс орнында оқу кезеңінде жұмыссыздардың жалақысын жұмыспен қамту орталығы төлейді.
Қазіргі уақытта Ақсу қаласының жұмыспен қамту орталығында жұмыс берушілерден келесі мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін өтінімдер бар:
- слесарь-сантехник,
- апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі,
- жылу желілерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь,
- слесарь-моторшы,
- электргазбен дәнекерлеуші,
- токарь,
- электромонтер,
- автокрановщик
Жұмыс берушілер мен бағдарлама бойынша оқуды қалайтын тұлғалар Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына, Ә. Молдағұлова көшесі, 10 мекенжайы бойынша, немесе 3-34-73 телефоны арқылы хабарласуы қажет.