Зоя Шаймурова-Ақсу қаласының ұзақ ғұмыр кешкен тұрғыны

Зоя Шаймурова-Ақсу қаласының ұзақ ғұмыр кешкен тұрғыны

Бүгін, 8 наурызда, әкімнің орынбасары Нұрлан Байбакиров, "Amanat" партиясы Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Нұркенова қала әкімі, "Amanat" партиясы Ақсу қалалық филиалының төрағасы Жанат Шұғаевтың атынан қаламыздың ұзақ өмір сүрген тұрғыны Зоя Шаймурованы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Зоя апа биыл 107 жасқа толды. Ол тыл еңбеккері, өзінің естеліктерімен немерелерімен және шөберелерімен бөлісуді ұнатады.

Зоя апа жұбайымен бірге Оңтүстік Орал темір жолының құрылысына - өткен ғасырдың үлкен құрылысына қатысты. Челябинскіде өнеркәсіптің дамуымен жаңа жолдар салу қажеттілігі туындады. Сол жылдары магистральдар құрылысына бүкіл Кеңес елінен жастар келді. Біздің Зоя апа да сол жерде жұмыс істеді.

Бүгінде ол жақын адамдарының ортасында, олар оған үлкен сүйіспеншілікпен қамқорлық жасайды. Біз Зоя апаға зор денсаулық, туған-туысқандары мен жақындарының ортасында бақытты ұзақ ғұмыр тілейміз!