
Бүгін, 2 наурыз күні, қала әкімі Жанат Шұғаевтың қорытынды есепті кездесулері қалалық Сәбит Дөнентаев Мәдениет сарайында жалғасты. Шаһар басышысы халық алдында офлайн режимінде өткен 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп бере отырып, болашаққа жоспарлар жайлы айтып кетті. Одан кейін азаматтардан өздерін толғандыратын сұрақтар келіп түсті.
Барлық мәселелерді Жанат Рашитұлы бақылауына алып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге оларды шешуге тапсырды.