
Бүгін, 23 ақпан күні, Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев М. Омаров атындағы ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп бере отырып, болашаққа жоспарлар туралы айтты. Соңында азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Есеп беру кездесуіне мемлекеттік бөлім басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Негізінен ауыл тұрғындарын ауыз су сапасын жақсарту, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй, жайылымдылық жерлер беру және т .б. мәселелер толғандырады.
Шаһар басшысы өтініш білдірген азаматтарды тыңдап, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына олардың шешімі бойынша тапсырмалар берді .