Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

16 ақпанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнi айлығы аясында Ақсу қаласының ТЖБ АҚТ офицері лейтенант Байзақов Асхат Еренбекұлының ұйымдастыруымен өткізілген көрсеткіш оқу жаттығуда Ақсу қаласының 10-ӨСБ, Ақсу қаласының құтқару бөлімшесі, Жедел медициналық жәрдем және Ақсу қаласының полиция бөлімшесі қатысты, онда құтқару қызметінің жұмысы, атап айтқанда, алғашқы медициналық көмек көрсету, жол көлік оқиғалары салдарынан болған өртті жою және зардап шегушіні шығару жұмыстары нақты көрсетілді. Сондай-ақ, мектептерден шақырылған оқушылар барлық іс-шараларды бақылады. Бұл оқу-жаттығудың тағы бір мақсаты «Құтқарушы» мамандығын кеңінен насихаттау болды.