Мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қала кәсіпкерлерінің назарына!

Мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қала кәсіпкерлерінің назарына!

Мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қала кәсіпкерлерінің назарына!
 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мүгедек адамдар әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына барынша толық ие болады.

Жоғарыда көрсетілген заңнама нормаларын сақтау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының кезеңдерін бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары жұмыс істейді.

Қолданыстағы ҚНжЕ (ҚР 3.06-01-2011 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» СН, ҚР «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттарды және құрылыстарды жобалау» ҚЖ) сәйкес егер оның барлық функционалдық аймақтары: кіру топтары (кіреберіс, сыртқы саты, пандус, тамбур), қозғалыс жолдары (дәліздер), қызмет көрсету аймақтары (киім шешетін бөлме, кабинет, асхана, акт залы, санитариялық торап) қолжетімді болса және көру мен есту қабілеті нашар адамдар үшін арнайы ақпарат және телекоммуникация құралдары бар болса, объект мүгедек адамдар үшін толық қолжетімді болып саналады.

Өз кезегінде, мүгедектердің әлеуметтік көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеуі және мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс–шараларына қол жеткізуі үшін жағдайлардың сақталмауы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес айыппұл түріндегі жазалау шараларына әкеп соғады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 26 инфрақұрылым нысанын, оның ішінде білім беру – 6, денсаулық сақтау – 4, спорт - 3, мәдениет – 5, мемлекеттік органдар – 5, өзгелері – 3 нысандарын толық бейімдеу жоспарлануда.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, қолданыстағы ҚНжЕ-ге сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз кіруі үшін Сіздің әкімшілік ғимараттарыңызды қолжетімділіктің түрлі элементтерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз.