9-11 сынып оқушыларына семинар өткізілді

9-11 сынып оқушыларына семинар өткізілді

1 ақпан күні ZOOM платформасында Жамбыл, Еңбек, Дөнентаев орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ұйымдар» тақырыбында семинар өткізілді. Дәріскер ретінде облыстық дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық–түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева сөз сөйледі. Оқушыларға Қазақстан Республикасының аумағында сот шешімімен тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі, олардың 20-дан астамы жеткізілді.

Сондай-ақ, лектор конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының 62-01-01 сенім телефонымен таныстырып, ҚР дін мәселесі бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратуға қатысты заңнамалық базамен таныстырды.