Қызылжар ауылдық округіне жұмыс сапары

Қызылжар ауылдық округіне жұмыс сапары

18 қаңтар күні Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев жұмыс сапарымен Қызылжар ауылдық округінде болды.

Қала әкімі Қызылжар, Сарышығанақ ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, Қызылжар, Суаткөл ауылдарында азаматтарды жеке қабылдады.

Әкіммен бірге халықпен кездесуге Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев, мемлекеттік бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры жол тартты.

Диалог барысында жергілікті тұрғындар Жанат Шұғаевқа оларды толғандыратын мәселелерді атап өтті. Ауыл жастары да шетте қалмайтыны қуантады. Олар кездесулерге белсене қатысып, сұрақтар қойды, ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қатысты ұсыныстарын енгізді.

Азаматтардан жұмысқа орналасу, сапалы электрмен жабдықтау, жер телімдері және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтар келіп түсті.

Олардың кейбіреулері өз шешімдерін кездесуде тапты. Мысалы, Сарышығанақ ауылында қазақтың ұлттық аспапта ойнау үйірмесі үшін домбыра сатып алу, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беру, ауыл жастарының бос уақытын ұйымдастыру.

Ауылдық округ тұрғындарына тиісті түсініктемелер беріліп, өтініштер жеке бақылауға және жұмысқа алынды.

@zhanatshugaev