Учаскелік полиция инспекторларына жаңа машиналар берілді

Учаскелік полиция инспекторларына жаңа машиналар берілді

Бүгін, 17 қаңтар күні Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаевтың қатысуымен полиция бөлімінде жеке құрам жиналысы өтті. Қала басшысы полицейлерге төтенше жағдай кезінде адал қызмет атқарғаны, қоғамдық тәртіпті күшейткені, көшелерді патрульдеуді ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, өз алғыстарын Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев, Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дәулет Молдабаев білдірді.

ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар облысының әкімі атынан Қызылжар және Достық а/о екі машина берілді.

Материалдық-техникалық базаны жаңарту құқық қорғау органдарының жұмысына оң әсер етеді.