
ҚР Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы #744 Жарлығымен облыста төтенше жағдай енгізілді. Коменданттық сағат 2022 жылғы 6-19 қаңтар аралығында сағат 23.00-ден таңғы сағат 07.00-ге дейін енгізілді.
- қоғамдық тәртіпті сақтау, маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді, сондай-ақ, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандарды күзету күшейтілді.
- Павлодар қаласына кіру, сондай-ақ, осы жердің тұрғындары болып табылмайтын жеке тұлғалардың шығуы шектелген, осыған байланысты Кенжекөл ауылдық округі мен Ленин кентінің шекарасында 2 блок-бекет орнатылған.
- транзиттік тасымалдарды қоспағанда, облысішілік, республикаішілік және халықаралық тасымалдар тоқтатылды.
- бейбіт жиналыстар, ереуілдер, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
- қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы құралдарды, улы заттарды сатуға тыйым салынады.
- этил спиртін, алкоголь өнімін өткізудің ерекше режимі белгіленген: жұмыс күндері сағат 15.00-ге дейін өткізуге рұқсат етілген, демалыс және мереке күндері өткізуге тыйым салынады.
- 20.00 сағатқа дейін дәрілік, есірткі, психотроптық заттар айналымының ерекше режимі белгіленді.
Қазіргі уақытта қалада жағдай тұрақты және биліктің бақылауында. Барлық коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді. Тұрғындар жылу, су және электр энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Тәулік бойы кезекшілік орнатылған тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күзету күшейтілді.
Қоғамдық көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылады. Үлкен және шағын класты автобустардың негізгі қозғалысы сағат 7.00 - ден 20.00-ге дейін, трамвайлардың қозғалысы сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Жоғары және орта оқу орындарындағы демалыс 24 қаңтарға дейін, мектептерде - 17 қаңтарға дейін ұзартылды.
ТЖ режимі кезеңінде қызметті қамтамасыз етуді үйлестіру үшін облыста жедел ден қою орталығы құрылды. Орталық сенім телефоны жұмыс істейді, онда тұрғындар келесі нөмірлерге қоңырау шала алады: 65-13-14, 62-10-10, 65-12-98, 65-13-15, 65-13-00, 62-00-57, 62-09-09, 63-13-13, 62-87-69, 62-00-49.