
@akimat.pavlodar Облыста блок-бекеттер қойылған, облысқа кіру мен шығу шектелген. Қала аумағында Кенжекөл ауылдық округі және Ленин кентінде блок-бекеттер орнатылған.
Қоғамдық тәртіпті, халық тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік стратегиялық объектілерді күзету күшейтілді. Қала сыртындағы жолдарды полиция қызметкерлері патрульдейді.
Коменданттық сағат жағдайын бұзған 479 азамат пен 242 автокөлік ұсталды. Әрқайсысына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік Қодексының 476-бабы бойынша әкімшілік өндірістер қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Автокөліктер мамандандырылған айыппұл тұрақтарына қойылды.
Блок-бекеттер арқылы 18670 автокөлік және 30725 азамат өтті. Жүріп-тұруға рұқсат болмағандықтан, 417 автокөлік және 1044 азаматқа кіру мен шығуға рұқсат етілмеді.
Павлодар облысының комендатурасы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтауды, қатты қажеттілік болмаса өз тұрғын үйлеріңізден шықпауды, сырттан келген провакацияларға берілмеуді және тек ресми көздерден шыққан ақпараттарға сенім артуларыңызды сұрайды.
Павлодар облысы комендатурасының ақпараты бойынша