
Жалпы елімізде ревакцинациядан 303 мың азамат өтті. Естеріңізге сала кетейік, ревакцинация 22 қарашада дәрігерлер, педагогтар, полиция және басқа да осал топтар арасында басталды, ал 8 желтоқсаннан бастап денсаулық сақтау министрлігі барлық ниет білдірушілерге ревакцинациялауға рұқсат берді. Бүгінгі таңда Ақсу қаласында 1 033 адам қайта вакцинацияланды.
Өңірде бірінші компонентпен вакцинациялауды 30 845 адам өтті, екінші компонентке келетін болсақ, оны 29 993 адам алды. Сондай-ақ, жүкті және бала емізетін әйелдерді, сондай-ақ 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді вакцинациялау жалғасуда. 23 желтоқсандағы жағдай бойынша 149 адам Pfizer вакцинасын алды.
Қазіргі уақытта Ақсу инфекциялық госпиталінде 24 адам жатыр. Реанимацияда - 4 адам, қарқынды терапия палатасында - 6 адам.
Көптеген елдерде жаңа штаммпқа байланысты аурудың тағы бір толқыны басталады, сондықтан барлық сақтық шараларын сақтау қажет.
Сіз COVID-19 вакцинасын келесі мекен-жайлардан ала аласыз:
Ленин көшесі, 31, 1-ші корпустың егу кабинеті 206а емхана кабинеті (вакцинацияның 1 компоненті және ревакцинация), 114 кабинет (2 компонент)
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін.
Демалыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін.
Үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
2. Ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялар, ФАП.
Вакцинация сұрағы бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
4-99-00; 5-68-79; 5-69-07; 6-97-77.
8-705-165-50-70
8-701-847-24-78
8-778-227-37-88