
«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу аясында үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балалар арасында суреттердің онлайн - конкурсы өтті.
Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін үлкен ықыласпен және қуанышпен көрсетті: қарындаштармен, бояулармен сурет салып, мереке тақырыбына аппликациялар жасады.
Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.