Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтілетін бұл күн еліміздегі құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды іс жүзінде жүзеге асырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың егеменді Қазақстанның негізін нығайтудағы тарихи жолының маңыздылығын насихаттайды.

Қадірменді жерлестер! Баршаңызды осы атаулы мерекемен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге зор жетістіктер тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін!

Ізгі тілекпен, Жанат Шұғаев Ақсу қаласының әкімі