Спортшыларға құрмет көрсетілді

Спортшыларға құрмет көрсетілді

Бүгін Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында облыстық Спартакиада қорытындысы бойынша спортшылар мен әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Бүгінгі күні Ақсу өңірінде спорттың дамып, жетілдірілуін қамтамасыз етуге жұмыстар жүргізілуде: спорт нысандары қайта жаңғыртылып, жаттығу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуда.
Бүгінгі таңда дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны 25 мың адамды немесе 35,9% құрайды.
Салауатты өмір салтын қолдаушы спортшылар мен спорт сүйер қауымның қатары жыл сайын толығып келеді.
Ата-аналардың балаларын жастайынан салауатты өмір салтына деген қызығушылығын оятып, спорттық үйірмелерге жіберуі қуанарлық жағдай.
Биылғы спорт жылы карантиндік шектеулерге қарамастан, Ақсу қаласының қоржынына ресми халықаралық жарыстардан, ел және облыс чемпионаттарынан 55 алтын, 66 күміс және 82 қола медаль әкелді.