
Ағымдағы жылғы 17 қарашада «Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММАқсу қаласында салынып жатқан шағын және орта бизнес объектілерін мониторингілеу бойынша сапарға барды.
Ағымдағы жылы әртүрлі бағыттар бойынша 8 жобаның іске асырылуы басталды: ШОБ жобалары, АӨК жобалары, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту. 2021 жылдың аяғына дейін жалпы сомасы 1,7 млрд. теңге 6 жобаны аяқтау және енгізу жоспарланды.
Қазіргі уақытта барлық объектілерде құрылыс-монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттік бөлігі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.