Ұлттық валюта - теңге күні

Ұлттық валюта - теңге күні

Құрметті қаржы жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта – Теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, Теңге – біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қаржылық және банк жүйесі жоғары нәтижеге қол жеткізді, бұл ең алдымен мемлекеттік ақша және несие саясатын жүзеге асыратын мамандардың еңбегі.
Бұл жетістіктерде біздің Ақсу қаласының тәжірибелі, жоғары білікті қаржы ұйымдары қызметкерлерінің сіңірген еңбектері зор.
Сіздердің тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз біздің өңіріміздің экономикасын және қаржы жүйесін тұрақты дамытудың негізгі кепілі болып табылады.
Құрметті жерлестер! Қадірменді қаржы жүйесінің қызметкерлері!
Мереке қарсаңында, Сіздерге зор денсаулық, жанұяларына амандық, мол табыс және қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тілеймін.кәсіби табыс тілеймін.
Теңгеміздің тұғыры қашанда биік болсын.

Жанат Шұғаев, Ақсу қаласының әкімі