
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қызылжар ауылдық округінің Сарышығанақ ауылында керемет оқиға болды. Мұнда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша су құбырының құрылысы аяқталды. Жобаны "Ай-Су Мелиорация" ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асырды.
Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаев Сарышығанақ тұрғындарын су құбыры құрылысының аяқталуымен құттықтап, ауыл тұрғындарын үйлеріне суды белсенді жеткізуге шақырды және ауылдағы өмір сүру сапасының одан әрі өсуін тіледі.
Ауылдағы 180 үйдің 130-ы жаңа су құбырына қосылған. Су құбырының жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асады. Нысанда оқудан өткен 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.