Құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтуде

Құтқарушылар кәсіби мерекелерін атап өтуде

Ақсу қаласында құтқарушылар күніне орай марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Содан кейін қатысушылар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Марина Гайдаренко мен Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің бастығы Ақылбек Баяхметов құттықтау жолдап, Ақсу қаласы әкімінің, сондай-ақ Павлодар облысы ТЖД бастығының алғыс хаттарымен ерлікпен көзге түскен өрт сөндірушілер мен құтқарушыларын марапаттады.

Аяжан ШАКАР
Ернұр Жұмаділовтың суреті