Меню

Страницы

Статья

Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы» № 95/14 шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы Аксуского городского маслихата от 23 декабря 2021 года № 95/14 «О бюджете города Аксу на 2022-2024 годы»

Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы» № 95/14 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                   № 26017 болып тіркелген) келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

          1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті тиісінше                   1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 15620330 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 9961892 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 36459 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 42920 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5579059 мың теңге;

2) шығындар – 18939925 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -84837 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 91890 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 176727 мың тенге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 118461 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 118461 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3353219 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3353219 мың теңге.»;

2)көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. 2022 жылға арналған Ақсу қаласының бюджетінде ауылдық округтердің бюджеттеріне 465850 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі ескерілсін, оның ішінде:

8585 мың теңге – футбол алаңын жөндеуге;

26500 мың теңге – елді мекендердің көшелері мен жолдарын қиыршықтауға;

31000 мың теңге - жолдар мен көшелерді күрделі жөндеуге;

47478 мың теңге - елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға;

26674 мың теңге – елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға;

          1300 мың теңге – «Шағын футбол алаңын күрделі жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;   

          500 мың теңге – электр энергиясын төлеуге;

          18513 мың теңге – ғимаратты күрделі жөндеуге;

215 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Достық ауылдық округі Береке ауылының жерін ресімдеуге;

1500 мың теңге – «Кентішілік жолдарды орташа жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;

2502 мың теңге – «Көше жарығын күрделі жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;

1200 мың теңге - мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыруға;

4000 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша ауылдық елді мекендердегі жолдарды сараптауға;

1000 мың теңге - елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға;

14000 мың теңге - мәдениет объектісінің жылу жүйесін жөндеуге;

25521 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша іс-шараны бірлесіп қаржыландыруға;

13985 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

6180 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі басқарушы және негізгі персоналға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына 35% қосымша ақы белгілеуге;

5510 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі басқарушы және негізгі персоналға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына 1,23% қосымша ақы белгілеуге;

229687 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.»;

         

3) көрсетілген шешімнің 1, 4 -қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың

 хатшысы                                                      М. Омарғалиев

Қосымша

 

Дата публикации
18 февраля 2022
Дата обновления
18 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы