ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде 2022 жылғы 25 шілдеде № 169984 болып жарияланған.
Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы
20 шілдедегі № 172/24 шешімі
Ақсу қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы
«2022-2024 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы»
№ 95/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақсу қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 17893238 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 10655853 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 81445 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 42920 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7113020 мың теңге;
2) шығындар – 22128404 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -277117 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 91890 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 369007 мың тенге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 164461 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 164461 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4122510 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4122510 мың теңге.»;
«5-1. 2022 жылға арналған Ақсу қаласының бюджетінде ауылдық округтердің бюджеттеріне 741779 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі ескерілсін, оның ішінде:
8585 мың теңге – футбол алаңын жөндеуге;
22700 мың теңге – елді мекендердің көшелері мен жолдарын қиыршықтауға;
31000 мың теңге – жолдар мен көшелерді күрделі жөндеуге;
151040 мың теңге – елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға;
26882 мың теңге – елді мекендерді абаттандыруға және көгалдандыруға;
1118 мың теңге – «Шағын футбол алаңын күрделі жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;
3387 мың теңге – электр энергиясын төлеуге;
18513 мың теңге – ғимаратты күрделі жөндеуге;
3708 мың теңге – «Кентішілік жолдарды орташа жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;
7650 мың теңге – «Көше жарығын күрделі жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;
146 мың теңге – «Автомобиль жолдарын орташа жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге;
1200 мың теңге - мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыруға;
5325 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша ауылдық елді мекендердегі жолдарды сараптауға;
14310 мың теңге - елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға;
14000 мың теңге - мәдениет объектісінің жылу жүйесін жөндеуге;
28787 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы бойынша іс-шараны бірлесіп қаржыландыруға;
12511 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
6180 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі басқарушы және негізгі персоналға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына 35% қосымша ақы белгілеуге;
5510 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі басқарушы және негізгі персоналға ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына 1,23% қосымша ақы белгілеуге;
239378 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
12321 мың теңге – елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;
68291 мың теңге – балалар алаңдарын орнатуға;
2936 мың теңге – өрттерді сөндіру және су айдау үшін құрал-жабдықтар сатып алуға;
14410 мың теңге – ғимаратты жөндеуге;
800 мың теңге – күрделі шығындарға;
4286 мың теңге – қаңғыбас малға арналған қашаны орнатуға;
7091 мың теңге – құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуге;
1000 мың теңге – автомобиль жолдарын ұстауға;
1000 мың теңге – футбол алаңдарын жарықтандыруды жөндеуге;
26998 мың теңге – жолдарды жөндеуге;
716 мың теңге - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге.”.
3) көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихаттың
хатшысы М. Омарғалиев