Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Хабарландыру

 

                 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

 

Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».

БЖЗҚ 2022 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.

Іс-шараның мақсаты:

-        ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

-        ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-        қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді.      

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 29 қыркүйекте с. 12.00 онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет (https://us05web.zoom.us/j/81155834646?pwd=WFdWYXBwTGhpUEdiOUhCc2ZodnIrdz09). Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу (811 5583 4646) және event-кеңес паролін енгізу (1414) қажет.

         

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы