Меню

Страницы

Статья

От – балалар үшін қатерлі ойыншық.

Балалар күнәсінан пайда болған өрттер себептерін талдау көбінесе отпен абайлап қарамағандықтан, жеткіліксіз бақылау мен ата-аналардың балаларының бос уақытын ұйымдастыра алмағандықтан туындайтынын көрсетеді.

         Үш жастан жеті жасқа дейінгі балалар ойын барысында ересектердің қылықтары мен іс-әрекеттерін жиі-жиі қайталайды. Балалар әрдайым  барлығын білуге құмартып тұрады. Олар барлығын мүмкіндігінше тезірек білуге және өзінің басынан кешуге ұмтылады, және бірінші кезекте балаларды жарқын және есте сақталатын оқиғалар қызықтырады. Ал оттан не қызықтырақ болуы мүмкін? Балалар үйде жалғыз қалған кезде, олардың дербестікке талпынысы оянады. Бала орманда жағылған отты көріп, үйде қағаз тұтандырғысы келмейтіндігіне сенімді болуға болмайды.     

         Үйден шықпас бұрын, ересектерге немесе жасы үлкен балаларға баланы бақылауды тапсыру қажет. Әсіресе балаларды жабық пәтерлерде қалдыру аса қауіпті. Өрт болған жағдайда, олар  жанып жатқан бөлмеден өздігінен шыға алмайды. Оттан және түтіннен құтқарылу үшін олар үстелдер, кереуеттер астына, шкафтардың ішіне тығылады. Өрт болған жағдайда оларды тауып алу қиынға соғады.

         Неге онда өрттер пайда болады? Ересек адамдар отта жасырынған  барлық жауапкершілікті  түсінбейді ме? Әлде болып жатқан апаттар мен зілзілалар туралы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында аз жарияланады ма, ал өртке қарсы қызметтер тұрғындарды өрттер туралы аз құлақтандырып, оларға жеткіліксіз кеңес беріп ескертеді ме? Сақтандырулар айтарлықтай жеткілікті.

         Алайда, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бұрынғыша сақталмайды, ел-жұрт болуы мүмкін салдарлар жайлы қам жемейді де. Әлдебіреу өзі, өзінің отбасысы, туған-туысқандары мен қоршаған адамдар үшін сәл ғана жауапкершілігінің болмағандығынан, өзінің қауіпсіздігі салдарынан, кейбіреуі ішкі мәдениеті болмағандықтан, мамандардың ұсыныстары мен кеңестеріне көңіл аударғысы келмегендіктен ойламайды.           

         ТЖБ қызметкерлері кезекті рет ата-аналардың есіне салады: кішкентай балаларды үйде жалғыз қараусыз қалдырмаңыздар, көзге түсетін жерлерден сіріңкелерді, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерлерге қойыңыздар. Балаларыңызбен  міндетті түрде жалпыға мәлім «Сіріңіке балаларға ойыншық емес» тақырыбына әңгімелерді өткізіңіздер, өрт қандай зардаптарға әкеп соғатынын, кез келген штаттан тыс жағдайлар туындағанда эвакуациялау жолдары бар екендігін айтып беріңіздер. Әлбетте, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін жатқа білу қажет. Егер балада ұялы телефоны болса, өзінің операторынан шұғыл қызмет нөмірін анықтап, телефонның жадына сақтап қою керек.

 

 

                                                                                     Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
22 сентября 2022
Дата обновления
22 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы