Меню

Страницы

Статья

Улы газ - өртте адамдардың өлуінің басты себебі.

        Республика бойынша күн сайын адамдар улы газбен улануда. Жану ошағы басқа бөлмеде  болса да улы газбен улану әбден мүмкін, өйткені көміртек тотығы түтінмен бірге жайылғанмен бөлме қабырғалары мен маңайдағы заттарға қонбайды. Оның концентрациясы бірер минут ішінде күрт жоғарылайды және ауамен араласқан кезде ғана төмендейді. Адам улы газбен уланған кезде организмде  оттегінің  алмасу механизмі бұзылып, оның тапшылығы пайда болады.  Бұл ес білмей қалуға  және өлімге әкеліп соқтырады. Улы газдың адам организмінде жиналып, оның қорғану әрекетін тоқтату қабілеті болғандықтан, тіпті оның кішкентай концентрациясы адамға әсер етеді. Алайда адам улы газбен дем алып жатқанын сезбейді, бірақ біраз уақыттан соң басы ауырып, көру қабілеті нашарлап, басы айналып,  жүрегі айни бастайды. Улы газдың әрекетінен адам арылмаса нақтылы уақытты сезіну қабілеті жоғалып,  кеңістікте бағдарлау бұзылып, егер де адам көміртек тотығы бар бөлмеден шықпаса қайғылы жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Улы заттың әсері сондай  адам денесінің күйік алып жатқанын да сезінбейді. Уланған адамға тез арада далаға шығу қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса, тым болмағанда даланың ауасымен дем алу мүмкіндігі бар бөлмеге бару керек. Бұл бөлмеге түтін газының келуін мейлінше болдырмау қажет. Улы газбен уланған адамды жатқан қалпында тез арада таза ауаға  алып шығып керек те алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету қажет.

   

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
08 сентября 2022
Дата обновления
08 сентября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы