Меню

Страницы

Статья

Семинар-кеңес

2022 жылғы 22 тамызда Ақсу қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша № 495, 500 учаскелік комиссия мүшелерімен семинар-кеңес өткізді. Семинарда учаскелік сайлау комиссиясының дауыс беру күнінің алдындағы күнгі жұмысы, сайлау күні дауыс беруді ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссиясының дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін анықтау кезіндегі іс-қимыл тәртібі мәселелері қаралды. Сайлау учаскесін жарақтандыру, сайлаушылардың дауыс беруге арналған бюллетеньді алу алгоритмі, сайлау үшін үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Кеңеске қала әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Мұқанов, Қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Т. Киреев, ТЖ бөлімі бастығының орынбасары К.С. Түсіпбаев, полиция бөлімі ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы К.С. Баймбет, Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетің атқарушы Б.Ж. Қасымхан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетің атқарушы Б.К. Азаматов қатысты., Ақсу қаласының "Қазақтелеком" жетекші инженері Д.З. Хайргельдин учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Жалпы семинар іскерлік, жұмыс атмосферасында өтті.

Дата публикации
22 августа 2022
Дата обновления
22 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы