Меню

Страницы

Статья

«Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасына баспасөз-релизі

«Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі - қаулы жобасы).

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 241 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14175054

“Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі”

мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 241 бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. “Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Ақсу қаласы әкімдігінің;

1) 2021 жылғы 30 наурыздағы «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 198/6 қаулысының;

2) 2022 жылғы 26 қаңтардағы «Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 наурыздағы «Ақсу қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 198/6 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» №45/1 қаулысының күші жойылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Қала  әкімі                                                                 Н. Дүйсенбинов

 

Ереже

Дата публикации
05 августа 2022
Дата обновления
05 августа 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы