Меню

Страницы

Статья

Есеналиев 24 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қалалық ХҚО-да заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы (ӨҚО) жұмыс істеуде

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы  кеңсесіне заңды тұлғалардан жолданған құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында, Есеналиев көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қалалық ХҚО бөлімінде заңды тұлғалардың  өтініштерін  қабылдау орталығы жұмыс істеуде.

«Енді заңды тұлғалар құжаттарын өткізу үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қалалық ХҚО-ға  жүгінсе болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының өзгеруі, орналасқан жерінің өзгеруі базаға электрондық хабарлама негізінде, автоматтандырылған режимде енгізілмейді. Сол себепті, қаладағы Есеналиев көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан ХҚО-да орны ашылып, жұмыс істеуде» - дейді дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Павлодар облысы филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚО-да жүзеге асады.

1) заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама

2) заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама

4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама

5) басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (т.а.ә. өзгеруі)

6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар:

1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген жағдайда;

2) басшы өзгерген (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету);;

3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады;

4) жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру;

5) шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайту;

6) Экономикалық қызметтің негізгі түрінің өзгеруі;

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.

Жыл басынан бері облыстық филиал бойынша хабарламалық сипаттағы 61 өтініш келіп түскен. Оның 59 ЭҮП арқылы, 2 кеңсе арқылы қабылданған. 

Дата публикации
28 июля 2022
Дата обновления
28 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Интернет БАҚ
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы