Меню

Страницы

Статья

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет

Ақсу өңірінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен басқарма қызметкерлері короновирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 4 дозасын алды.

Бүгінгі күні өңір бойынша бастапқы ревакцинациямен 10072 адам және қайталама ревакцинациямен барлығы 797 адам қамтылды.

Иммунитетке вируспен күресуге және аурудың алдын алуға көмектесу үшін ревакцинация қажет — бұл алдыңғы вакцинациядан кейін немесе адам коронавирустық инфекциямен ауырғаннан кейін пайда болған ағзаның иммундық реакциясын қолдауға және күшейтуге мүмкіндік беретін қайта егу.

Вакцинаның төртінші дозасын үшінші дозаны алғаннан кейін кем дегенде 6 айдан кейін алады. Коронавирусқа қарсы егулер тиімді және қолдануға қауіпсіз және оларды барлық егу пункттерінде тегін алуға болады.

Ағымдағы жылдың шілде айында Ақсу өңірінде 100 мың тұрғынға шаққанда 22,9 сырқаттанушылық көрсеткішімен 16 зертханалық расталған жағдай тіркелгенін атап өткіміз келеді, оның ішінде ауру белгілерімен - 10 жағдай, симптомсыз - 6 жағдай анықталды.

Балалар арасында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы анықталды, ұйымдастырылмаған бала. Ауру жағдайы негізінен өнеркәсіп объектілері арасында тіркелген – 50%, басқа тұрғындар арасында – 31,3%, зейнеткерлер-6,2%, жұмыс істемейтін контингент-12,5%.

Біз екпеге барлығыңызды шақырамыз, өйткені вирусқа қарсы ұжымдық күрес жалғасуда. Мемлекет пен қоғам барлық адамдар бұрынғы жайлы өмірге оралуы үшін барлық жағдайларды жасай отырып, бірлесіп әрекет етуі тиіс.

Дата публикации
26 июля 2022
Дата обновления
26 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы