Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан ХҚО-дан 100-ге жуық дайын құжат  үйге дейін жеткізілген

Жыл басынан ХҚО-дан 100-ге жуық дайын құжат

 үйге дейін жеткізілген

 

Дайын құжаттарды жеткізу сервисін Павлодар мен Екібастұз қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

Жыл басынан бері 100-ге жуық құжат клиенттердің үйіне дейін жеткізілді. Құжаттар тізімі үнемі жаңарып отырады және қазір 144 мемлекеттік қызмет бойынша тапсырыс беруге болады. Өтініш берушілер жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу құжаттарына, жер учаскесінің актілеріне, апостильденген білім туралы құжаттарға, мұрағат анықтамаларына, әскери билеттердің төлнұсқаларына және басқа да дайын құжаттарға тапсырыс бере алады. 

ХҚО-ға барып, тапсырыс берген құжат дайын болған сәтте клиентке жеткізу сервисін пайдалану туралы SMS-ұсыныс жолданады. Келіскен жағдайда клиент көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, құжат жеткізілуі тиіс мекенжайды көрсетеді. Одан әрі клиент 970 теңге көлемінде қала аумағында жеткізу қызметінің құнын төлеуі қажет. Курьер поштаны тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді.


 

Дата публикации
18 июля 2022
Дата обновления
18 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы