24.05.2022 жылы Ақсу қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен «2022 жылдың 05 маусымына тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Павлодар облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Гүлнар Қабиденқызы Аманжолова сөз сөйледі. Ол референдум учаскелерін жабдықтау ережелерімен, құжаттама ережелерімен, сондай-ақ сайлаушылар тізімімен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды. Мүгедектігі бар адамдарға дауыс беру үшін жағдай жасау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, референдум учаскелерін ұйымдастыру және жабдықтау мәселелері талқыланды.