Меню

Страницы

Статья

Жемқорлық

 Қазақстандағы мемлекеттік билік үшін жалпы қылмыспен бірге маңызды мәселе – жемқорлыққа қарсы күрес болып тыбылады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев жемқорлыққа қарсы күресті барлық мемлекеттік органдар қызметінің басты бағыттарының бірі деп жариялады. 1998 жылғы шілдеде республикада ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын қабылдады, ал 2001 жылы «2001-2005 жылдарға жемқорлыққа қарсы күрес туралы» мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама біріншіден, жемқорлықты туғызатын шарттарды анықтау және жою тиімділігін ары қарай арттыруға бағытталған. Бұл күресте жауапкершілікті арттыруға мемлекеттік органдардың ғана арасында емес, азаматтық қоғам институтарында да екпін жасалды. Бұқара ақпарат құралдарында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын кең және объективті хабардар ету айтылған. Жемқорлыққа қарсы күресті арттырудың және мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуында ҚР Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Мемлекеттік орган қызметінде және лауазымдық тұлғалардың жемқорлыққа қарсы күресті арттыру, тәртіпті және дағдыларды нығайту шаралары туралы» Жарлығы маңызды рөл ойнады. Бұл жарлыққа сәйкес еліміздің облыстары мен қалаларында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктер құрылды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің тәртібіне қойылатын нормалар мен стандарттан сипатталған ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі өңделді (біреудің мүддесін қорғауға тыйым салу, кәсіпкерлік қызметпен айналысу, әлдебір қызмет алу үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдалану, өтініш пен т.б. қарау кезінде бюрократизм мен волокиттерді болдырмау). Бүгінгі таңда бұл құжаттың мәтіні барлық мемлекеттік органдарда жалпы шолуға арналған орындарда азаматтар мемлекеттік қызметші жағынан бұзушылық фактілері бойынша хабарлай алатын сенім телефон нөмірлерімен бірге ақпарат орнатылған. Сонда, мемлекет басшысы Н. Назарбаев жемқорлыққа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру аясында қабылдаған шаралар бұл салада мемлекеттік органдардың жұмысын белсендіруге әсер етті. Жыл сайын жемқорлық қылмыстарының ашылуы өсуде, тәртіптік кеңестің жұмысы белсендірілді. Бүгінде Қазақстанда жемқорлықпен жоспарлы күрестің жүйесі құрылды, бұл бағыттағы мемлекеттік саясат кезекті және мақсатты сипат алды. Қазақстан азаматтары жемқорлық мемлекеттің экономикалық дамуын тоқтататын және еліміздің халықаралық имиджіне кері әсер ететінін одан әрі ұғынуда. Бұл әсердің тиімді қарсы іс-әрекетке қол жеткізуге барлық азаматтардың күш салуын біріктірсек болады.

     Өзіңізді жемқорлықтан қауіпсіз ету үшін:

  • Егер Сізге ашық, дауыстап, тиянақты етіп, сөзбен немесе іс-қимылмен Сіздің еркінізге қарсы ақшалай қаражат немесе әлдебір сыйлық беретін болса, бұл қарым-қатынасқа өзіңіздің жағымсыз әрекетіңізді көрсетіңіз;   
  • Егер Сіз өз жұмыс үстеліңізде, шқабыңызда, үстел жәшігіңізде, киімнің қалталарынызда белгісіз зат тауып алсаңыз (пакет, конверт, қорап, түйген орамал), оған тиіспеңіз, қызметкерлеріңіздің біреуін шақырып, ішінде жатқан затты бірге қараңыз.
  • Танымайтын немесе бөтен тұлғалармен қызметтік кабинеттен тыс (аулада, қоғамдық көлікте, автокөлікте, кафеде) жерде әлдеқандай бір қызметтік немесе жеке шаруаларды шешу кездесулеріне ұсыныс қабылдамаңыз;
  • Өз туыстарыңызға бейтаныс әлдеқандай адамдардан материалды құнды заттарды (ақша, сыйлық және т.б.) алуға тыйым салыңыз;
  • Сізге әлдебір жеке немесе қызметтік мәселелерді шешуге келген өтініш берушілермен қабылдауды басқа тұлғалардың қатысуымен өткізіңіз;
  • Өзіңізді жемқорлық берушіге пара алуға дайындығы болатындай ағаттық іс жасамай, жағымпазданбай сыпайы ұстаңыз.

 

 

Ақсу қаласының ТЖБ

Дата публикации
27 мая 2022
Дата обновления
27 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы