ЖОБА
Ақсу қаласында көппәтерлі тұрғын
үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй - жайлары
меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен
ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді
күрделі жөндеуге байланысты
шығындарды өтеу қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Ақсу қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі орынбасарын Марат Балтабайұлы Зеновке жүктелсін.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қала әкімі Н. Дүйсенбинов