Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп, зейнеткерлерге Қордан зейнетақы жинақтарын проактивті форматта төлеу бойынша қызмет көрсетеді

2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде зейнет жасына толған және зейнетақы жинақтары бар, бірақ төлем алуға өтініш білдірмеген 175 мыңнан астам салымшы (алушы) бар.

БЖЗҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арасында жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша, осы санаттағы салымшылардың (алушылардың) бір бөлігі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен алады, әрі  мобильдік азаматтар базасында олардың телефон нөмірі тіркелген.

Осыған байланысты, зейнет жасына жеткен, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін Қорға өтініш жасамаған салымшылар (алушылар) бойынша 2022 жылдың 27 сәуірінен бастап Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу арқылы проактивті форматтағы жұмысын бастайды.

Зейнетақы төлемдерінің кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорациядан төленетін жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін БЖЗҚ-дан алу үшін салымшы (алушы) зейнетақы тағайындау кезінде Мемлекеттік корпорацияға бұрын ұсынылған салымшылардың (алушылардың) банк шоттарына қазақ немесе орыс тілдерінде жауап хабарлама жіберуі қажет. 

Назар аударамыз:

  • проактивті қызметті алу кезінде БЖЗҚ және (немесе) ХҚКО жүгіну және құжаттарды тапсыру талап етілмейді;
  • БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен мерзімі салымшының (алушының) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығына байланысты.

Егер БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсетілу күніне зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2022 жылы 555 624,00 теңге), бұл сома жеке табыс салығын ұстап қалу ескеріле отырып, бір рет төленетін болады.

 

Дата публикации
05 мая 2022
Дата обновления
05 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы