Меню

Страницы

Статья

ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ. Ол үшін  халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аппаратты жалпы цифрландыру және бюрократиясыздандыру аясында миллиондаған тонна қағазды технологиялар мен онлайн-сервистерге ауыстыру қажет, біз осы бағытта жұмысты бастап та кеттік. Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды», - дейді Әбділдин.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қазақстандықтарға осы 8 қызмет бойынша жылына 6 млн-ға жуық қолхат береді (бұл қолхаттардың жалпы санының 40%-ын құрайды). Енді клиенттер құжаттарын алу кезінде қағаз түріндегі қолхатты көрсету қажеттілігінен құтылды. Қағаздың 2022 жылы күрт қымбаттап кеткенін ескеретін болсақ, қағаз түріндегі қолхаттан бас тарту мемлекеттік корпорацияның қағазға жұмсалатын шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бюджетті оңтайландыру мақсатында Азаматтарға арналған үкімет жартылай ағартылған целлюлозадан жасалған эко-қағазды пайдалануға көшу туралы шешім қабылдады. Ол әдеттегі қолданатын қағаз түсінен сарғыш болғанымен, басылған мәтіннің сапасына әсер етпейді. Сонымен қатар, ол кез-келген принтер мен көшіру құрылғысына жарамды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың, университеттер мен банктердің көпшілігі осындай эко-қағазды пайдалануға көшті.

Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
  2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
  5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
Дата публикации
05 мая 2022
Дата обновления
05 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы