Меню

Страницы

Статья

«Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес,  қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Келесі:

1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы «Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 878/12 қаулысының;

2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 маусымдағы «Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы «Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 878/12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 429/12 қаулысының күші жойылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары      Н.Ж. Байбәкіровке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Қала әкімі                                                                     Ж. Шұғаев

«Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Ақсу қалалық мәслихаты қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі " мемлекеттік мекемесі  Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулы жобасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, әзірледі.

Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы актіні қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді көздейді. Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасы "Электрондық үкіметтің" интернет - порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14034646

Ақсу қаласы АХАТ бөлімінің басшысы                                            Г. Смагулова

Ереже

Дата публикации
25 апреля 2022
Дата обновления
25 апреля 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы