Алғабас ауылдық округі әкімінің «Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің «Атамұра-Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағына карантин белгілеу туралы» шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің «Атамұра-Павлодар» ЖШС аумағында карантин белгілері болып табылады.
Шешім Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысына сәйкес әзірленді және осыған байланысты Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің «Атамұра-Павлодар» ЖШС аумағында карантин белгіленеді.
Алғабас ауылдық округі әкімінің «Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің «Атамұра-Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағына карантин белгілеу туралы» шешім жобасы https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14061893 ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Алғабас ауылдық округінің әкімі А. Рүстемов