«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Ақсу қаласы әкімінің шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Ақсу қаласы әкімінің шешім жобасы әзірленді (бұдан әрі - шешім жобасы).
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 4-бабы 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкесс әзірленді.
Шешім жобасын жүзеге асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14051004