Меню

Страницы

Статья

«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі - қаулы жобасы).

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14034715

«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының                    2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы                 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы                               1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес,  қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы қаржы бөлімінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А.Гайдаренкоға жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

         Қала  әкімі                                                                 Н. Дүйсенбинов

Ереже

Қосымша

НҚА

Дата публикации
25 марта 2022
Дата обновления
25 марта 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы