Меню

Страницы

Статья

Туберкулезді тоқтату!

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні жыл сайын 24 наурызда жаһандық туберкулез эпидемиясы туралы халықтың хабардарлығын арттыру және осы ауруды жою, сондай-ақ covid-19 ауыр зардаптарын жою мақсатында атап өтіледі.

       Мәлімет үшін: Туберкулез – бұл ауа-тамшы жолымен 95% жағдайда жұғатын қауіпті инфекциялық ауру, ол уақытылы диагностикалаусыз және емделусіз мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін. Инфекция көзі болып -белсенді сатыдағы өкпе туберкулезі бар адамдар. Инфекцияның жұқтыру жолдары көбінесе тыныс алу жолдары болып табылады, онда бациллалар көп мөлшерде шырышты және қақырықты тамшылармен түседі, оларды түшкіру, сөйлесу, жөтел кезінде науқастар бөліп шығарады. Туберкулез әлеуметтік мәртебесі мен жасына қарамастан адамдарды зақымдайды, әсіресе, ағзасы әлсіреген балалар мен ересектер үшін қауіпті.

          Ақсу өңіріндегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. 2021 жылы туберкулезбен сырқаттанушылықтың 47,4% - ға өсуі. 2021 жылы жаңадан анықталған 38 туберкулез жағдайы тіркелді (2020ж. – 20жағдай), бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 2020 жылғы 27,3 көрсеткішпен салыстырғанда 51,8. Бұл ретте облыстық сырқаттанушылық көрсеткіші 40,8.

0-ден 18 жасқа дейінгі балалар арасында 100 мың балаға шаққанда 5,9 көрсеткішпен 1 жағдай тіркелді, 2020 жылы ауру жағдайлары тіркелген жоқ. Балалар арасындағы сырқаттанушылық көрсеткіші облыстан төмен (100 мың тұрғынға 8,7). ШЖҚ КМК Ақсу қаласының қалалық ауруханасы емханасына жүгінген кезде орта мектеп оқушысында туберкулез анықталды.

        2021 жылы Ақсу өңірі бойынша туберкулездің асқынған 2 жағдайы анықталды, олардың белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, жұмыс істемейтін адамдардан. Туберкулездің асқынған жағдайларына әкеп соққан себептер: зиянды әдеттердің болуы (алкогольді шектен тыс пайдалану және темекі шегу), тұрақты тұратын жерінің болмауы, қанағаттанарлық материалдық жағдайының болмауы, дұрыс тамақтанбау.

Туберкулезбен ауырмас үшін не істеу керек?

  1. салауатты өмір салтын ұстану-темекі шекпеу, алкогольді асыра пайдаланбау, толық тамақтану;
  2. туберкулезді ерте анықтау үшін жыл сайын халыққа флюорографиялық тексеруден өту керек;
  3. вакцинация-туберкулездің таралуының алдын алудағы маңызды қадам; 4.Туберкулинодиагностика-манту сынамасы балаларға жылына 1 рет, 12 айдан бастап жүргізіледі.

 

Дата публикации
24 марта 2022
Дата обновления
24 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы