«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі - қаулы жобасы).
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан. https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14034655