Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

"Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың 11 сәуірде сағат 10-00-де, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, мәжіліс залы, мекенжайы бойынша: ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалгерлікке беру бойынша конкурс өткізеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі

ҚОСЫМША

Жер телімінің

№

Жер телімінің

қысқаша ерекшілігі (алқаптардың кұрамы және түрлері, бонитет баллы)

 

Алаңы,

Гa

Жалгерлікке беру

мерзімі

Жер телімінің

орналасқан жері

1

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 371,6 га

10 жыл

Алғабас ауылдық округі

2

          Өзге де алқаптардың түрі.

Жалпы алаңы 9,3 га, оның ішінде өзгелер

 9,3 га

10 жыл

Ақсу қаласы

3

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 680,4 га

 

10 жыл

Қызылжар ауылдық округі

4

          Егістік, суармалы. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 1890,9 га

10 жыл

Достық ауылдық округі

5

          Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 527,7 га

10 жыл

Достық ауылдық округі

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім 2022 жылдың 28 наурыздан 2022 жылдың 8 сәуір бойы қабылданады, қосымша ақпарат және анықтамалар мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақсу қаласы, Астана көшесi, 52, кеңсе 9.00 ден 13.00 және 14.30 ден сағ 18.30 сағатқа дейін.Телефон: 2-43-03.

Дата публикации
15 марта 2022
Дата обновления
15 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы